• Басты бет
  • /
  • Күн мен түннің теңелуінің көктемгі мерекесі - Наурыз
Күн мен түннің теңелуінің көктемгі мерекесі - Наурыз

Біздің мектеп кезекті Наурыз мерекесін атап өтті.
Мерекелік шара «Наурыз құтты болсын!» атты концерттік бағдарламасынан басталды.Онда мектептің би және вокалдық ұжымдары өз шығармашылықтарын паш етті.
Таңертеңнен бастап мектепте қазақ халқының түрлі әндері мен күйлері шырқалды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар Қыдыр атаның жаңа жылға көпшілікке берген батасын, театрландырылған қойылымды тамашалады. Аталған іс-шараға барлық оқушылар мен мектеп мұғалімдері, сондай-ақ ата-аналар қатысты.
Наурыз мерекелік бағдарламасының ерекше бөлігі оның екінші бөлігі болды:
«Берекелі дастархан», «Этно-дефиле» ұлттық қысқы киім костюмдері, «Ақ-Шаңырақ» станциялары жұмыс істеді.
«Наурыз көже», «Ақ бауырсақ» байқаулары және дәстүрлі «Қайырымды ұлт» қайырымдылық акциясы болды.
Мерекеге орай әр сынып мерекелік дастархан жайып, қонақтарға сыйлықтар таратылды.